«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

BEELINE ҚАЗАҚСТАН – ЕҢ СЫЙЛЫ ОПЕРАТОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстан алғашқы “Қазақстанның айрықша сыйлы компаниялары – 2013” атты тәуелсіз зерттеулердің деректері бойынша ең сыйлы оператор болып танылды, зерттеу нәтижелері қаржылық-экономикалық “Forbes Қазақстан” журналында жарияланды.

Зерттеуді беделдік аудит пен консалтинг саласындағы көшбасшы – Reputation Capital Group (Reputation Institute өкілі) жүргізді. Сауалнамаға әр саланың өкілдері мен компаниялар, журналистер, мемлекеттік қызметшілер, т.б. қатысты.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан аумағында ұсынылатын әртүрлі компаниялардың қызметтері мен өнімдері, сондай-ақ бағалары мен сапасы, еңбек шарттары, әлеуметтік жауапкершіліктері мен басқа да қырлары алынды.

Осы зерттеудің нәтижесінде Қазақстандағы 25 ең сыйлы компанияның тізімі қалыптастырылып, жарияланды, олардың ішінде FMCG, тасымалдау, қаржы, телекоммуникация, тамақ және өндіруші өнеркәсіп, металлургия мен басқа да салаларда жұмыс істейтін отандық және халықаралық компаниялар бар. Beeline Қазақстан нарықтағы серіктестерін айтарлықтай басып озып, үздік 10 ең сыйлы компаниялардың қатарына кірді.  

“Зерттеу нәтижелері біздің тұтынушының көңілінен шығуға талпынатынымызды дәлелдеді. “Beeline” – қызмет көрсететін компания және біз тұтынушыларымызбен үздіксіз диалог жүргіземіз. Біз осы құрмет үшін алғыс білдіреміз, осы жеңіс алдымызға жаңа айтарлықтай мақсаттар қояды”, – деп атап өтті Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко.

Компанияның беделін зерттеуден басқа, Қазақстан экономикасының бірқатар негізгі салаларына беделдік сараптамалары жүргізілді. Соның нәтижесінде көлік, тамақ өнеркәсібі мен телекоммуникация – Қазақстанның ең сыйлы салалары болып саналады екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp