«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БОРЫШКЕР, ҚАРЫЗЫҢДЫ ТӨЛЕ!” АКЦИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

16 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтіп жатқан іс-шараны Сот актілерін орындау жөніндегі департамент облыстық Ішкі істер департаменті және қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыруда.

Елена СКАКУНОВА,

облыстық Сот акілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Акция аясында сот орындаушылары әкімшілік полиция қызметкерлерімен және прокурорлармен бірлесіп пәтерлерді аралау және атқару құжаттары бойынша борышкерлердің көліктерін анықтау арқылы қасақана төлемеушілерді тауып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейд өткізуде.

Өткен аптада осындай екі рейд ұйымдастырылды. 16 қаңтарда облыс орталығының көлік қозғалысы жанданған көшелерінде көлік иелері тексеріліп, компьютердегі дерекқор арқылы мемлекетке берешегінің бар-жоғы анықталды. Рейд кезінде 35 автоккөлік иесі тексеруден өтіп, нәтижесінде бір борышкер 8 655 теңге айыппұл төледі.

17 қаңтарда сот орындаушылары қарызын өтемеген азаматтың көлігін тұтқындады. Оның қай жерде тұрғанын борышкердің өзі айтты. Іздеуде жүрген ол Ресей Федерациясынан табылған. Енді өзін іздеуге жұмсалған 300 мың теңгеден астам қаражатты, яғни Қаржы полициясының шығынын өтемек. Борышкерге тиесілі барлық жылжитын және жылжымайтын мүлік хатталды. Алдағы уақытта сот орындаушылары мүліктерді бағалап, оларды саудаға қоятын болады.

Батыр Баян көшесі, 11-үйге барған сот орындаушылары борышкерге департаментке келу туралы шақыру қағазы мен ұсынымды берді. Бұл борышкердің атына 19 автокөлік тіркелген. Берешек болған адамның айтуынша, көліктердің көбі өзіне тиесілі емес. Бүгінде сол көліктерді іздеп жүрген көрінеді. Бұған дейін көлік тасымалдаумен айналысқанын айтқан ол басқа жақтан әкелген көліктерді өз атына ресімдегенін айтады. Бүгінде көбі сатылып кеткенімен, олар қайта ресімделмеген. Сол себепті бүгінде көлік салығы үшін қарызы 350 мың теңгеден асып жығылған.

Өткен жылы Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте мемлекет пайдасына өндіру бойынша 3 миллиард теңгенің 85915 атқарушылық іс жүргізуі болса, олардың шамамен 2 миллиард теңгені құрайтын 51487-сі аяқталған болатын.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp