«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘРІ ДЕ САПАЛЫ БОЛСА, ҚҰБА-ҚҰП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұрат Қадырбектің төрағалық етуімен Жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылатуға, азаматтарға жедел және тиімді мемлекеттік қызмет көрсетілуіне ерекше назар аударады. Елбасы: “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы Жолдауында да “Қазақстан – 2050” Стратегиясының басты мақсатына жету үшін барлық іс-қимылдарымыз айқын қағидаттарға негізделуі керек екендігін тілге тиек етті. Елбасы айтқандай, соның бірі – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуы тиіс, – деген Мұрат Қадырбектің айтуынша, халықты қоғамның барлық салаларында жоғары сапалы қолжетімді қызметпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен халықтың арақатынасын оңтайландыруға, мемлекеттік қызмет сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың күштерін біріктіру қажет.

Отырыста қоғамдық кеңестің 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.  

СҚО Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Ерік Есентаев 2013 жылы заңды тұлғаларды тіркеу бағыты бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталғанын хабарлады. Оның үшеуі Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының жұмыстарына салғырттығы салдарынан, екеуі техникалық ақауларға байланысты орын алған. Қазіргі таңда осындай олқылықтарға жол бермеу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен бірлесіп, көрсетілген қызметтер бойынша салыстырмалы тексерулер ай сайын жүргізіледі.

2013 жылы ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасын ішкі бақылау жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің есебі мониторингінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекция және бақылау бөлімінің консультант-инспекторы Қазбек Бытышев баяндады.

1410825 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде 392152 адам Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өткен. 32 жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған. Оның 10-ы – мемлекеттік органдарда, 22-сі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген қызметтер бойынша орын алған. Бұл олқылықтарға қатысты семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, брифингтер мен конференциялар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілген.

2013 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша бағалау шаралары және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің инспекция және бағалау бөлімінің меңгерушісі Дулат Тайшабай құлағдар етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp