«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР жауапкершілікке тартылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Батырбек Қалабаевтың төрағалығымен өткен баспасөз конференциясында өткен жылдың жұмысы қорытындыланды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Батырбек Қалабаевтың мәлімдеуінше, өткен жылы өндіріске 119 миллиард теңгенің 106 мыңнан астам құжаты келіп түскен. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға артық. Жыл қорытындысы бойынша өндірісте болған істердің тең жартысы орындалыпты.  

Сот орындаушыларына келіп түскен істердің ішінде, әсіресе, алимент өндіруге қатысты құжаттарды орындау қиынға соғады екен. Мысалы, былтыр аталған санаттағы 6673 істің 1275-і ғана орындалыпты. Ал коммуналдық қызметтердің төленбеуіне қатысты 6177 істің 2950-і ғана орындалған.

Өткен жылы сот орындаушылары борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 540 істі сотқа жіберіп, нәтижесінде 448 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 2 фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Брифингте қарызын өтеуден қашқақтап жүргендерге ел аумағынан шығуға тыйым салынғандығы да айтылды. Былтыр мұндай азаматтардың саны 3 мыңнан асыпты. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап сот орындаушылары атқарушылық жүргізуді бақылау және тіркеудің қанатқақты жобасын іске қосыпты. Оның негізінде ісі өндірісте болғандардың тізімі автоматтандырылған жүйе дерекқорына енгізілетін болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp