Петропавл қаласы 2013 жылғы 13 желтоқсан №23/8
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың
ХХІІІ сессиясының төрағасы
С. ТИМОФЕЕВ.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы
Қ. ЕДІРЕСОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2014 жылғы 14 қаңтарда
облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.
Тіркеу №2482.