Светлана САВИНКОВА,
облыстық Кедендік бақылау
департаментінің бөлім басшысы.
Облыстық Кедендік бақылау департаментінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша облыстағы сыртқы сауда айналымы 628,4 млн. долларға жетті. Сыртқы сауда айналымының 76 пайызын экспорт құрады. Ал импорттың көлемі 153,5 млн. долларға жетті. Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран сияқты елдер экспорт бойынша Қазақстанның сенімді серіктестеріне айналды. 2013 жылы барлығы 30 елге өнім шығарылды. Шетелге жөнелтілетін тауардың ішінде бидай зор сұранысқа ие.
Департамент кеден төлемдері мен салық жинау тапсырмасын 104,2 пайызға орындап, республикалық бюджетке 3 млрд. теңге түсірді. Бекет-кеден бақылауы нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қатысты 24 тексеріс жүргізіліп, қосымша 283,5 млн. теңге кеден төлемі мен салық жиналды.
Қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес жолында да жұмыс жүргізілді. 2013 жылы 29 іс қозғалды, соның 23-і экономикалық контрабандаға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 29 млн. теңгенің тауары мемлекет кірісіне өтті. 38 адам әкімшілік жазаға тартылып, 5,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.