«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН кәсіпкер жауапқа тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармасының мамандары заңсыз түрде дереу ұтысты құмар ойындарды өткізген екі сауда нүктесін анықтады.

Ақша салып ойнайтын автоматтар облыс орталығындағы Мир көшесінде орналасқан сауда үйлерінен табылды. Банкоматтар мен төлем терминалдарының жанында тұрғандықтан, ешбір жан олардың не нәрсе екендігіне мән бермеген. Алайда, құмар ойындардың құлы болғандар күн сайын ірі көлемде ұтылып келген. Белгілі болғандай, ойын автоматтарына күніне 100 мың теңгеден астам ұтыс түсіп тұрған.

Сауда үйлерінде тұрған ойын автоматтары жеке кәсіпкерге тиесілі болып шықты. Процессуалдық шешім шығару үшін материалдар Қаржы полициясына жолданатын болады. Бұл қылмысқа кінәлілер заң бойынша 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеуге тартылады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылады. Былтыр заңсыз ойын бизнесіне қатысты 10 факті анықталып, барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp