СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшылығы Интернет-конференция өткізді.
Ішкі істер департаментінің сайты арқылы өткен Интернет-конференция көші-қон заңнамасы мәселелерін қозғады. Ақпаратты пайдаланушылардың сауалдарына СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышев жауап берді.
Интернет-конференцияның басты мақсаты еңбек көші-қонына байланысты заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру болды. Онлайн барысында түскен сауалдардың көбі азаматтық алу мен тіркелуге қатысты. Әсіресе, Ресей азаматтары белсенділік танытты. Олар Қазақстанда жұмысқа тұруға рұқсат алуға қатысты мәселелерді қозғады. Еркетай Тұтқышевтың айтуынша, қолданыстағы заңнамаға және Кеден одағы аясындағы Қазақстан мен Ресей келісіміне сәйкес екі елдің заңды тұлғаларындағы азаматтары тиісті рұқсат қағазынсыз еңбек ету құқығына ие. Бұл үшін тек еңбек келісімшартын жасасу және көші-қон полициясына келіп, еңбек мигранты ретінде тіркелу керек.
1 ақпаннан бастап қазақстандық жеке тұлғаларда жұмыс істегісі келетін ТМД азаматтары үшін де рұқсат қағазы жеңілдетілген түрде берілетін болады. Бұған қоса жұмысқа 5 шетелдіктен көп емес адамды жұмысқа тартуға рұқсат етіледі, мұнда да еңбек келісімшартын жасасу – басты талап. Ал бұрын өзге ел тұрғындары бізде тек заңды тұлғаларда жұмыс істеуге құқылы болатын.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.