Павлодар мен Екібастұз қалаларында қыздар арасында волейболдан қысқы ел біріншілігі аяқталды. Қысқы демалыс уақытында өткен сайыста еліміздің бірнеше қаласынан 28 команда, облыс пен қала құрамалары, сондай-ақ Ұлттық және Жоғары лиганың дайындық топтары бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша үш жас тобы бойынша сынға түскен нәзік жандарды тоғыстырған бәсекеде 2000-2001 жылдары туғандар арасында солтүстікқазақстандық волейболшы қыздарға тең келер қарсылас табылмады. 1996-1997 жылдары туғандар арасында сайысқандар ішінде қостанайлық қыздар жеңімпаз атанды. Ал 1998-1999 жылдары туғандар арасындағы орта топта Қарағанды облысының құрамасы мықтылық танытса, бұл жас тобында жерлес құрама үшінші орыннан көріне білді.
Волейбол спортынан көктемгі біріншілік 1 наурыз – 1 сәуір аралығында өтеді.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.