«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ туралы меморандум талқыланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике КУБЕНОВА,

Солтүстік Қазақстан”.

Еліміздің Бас прокуратурасында өңірлік прокуратура органдары және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері тақырыбында бейнеконференция өтті. Кездесу 2013 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылған Бас прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Бейнеконференцияға қатысқан облыстық прокуратура қызметкерлері де аталмыш мәселені қызу талқыға салды.

Кеңесте прокуратура органдары мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар меморандумды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко атап өткеніндей, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарда бизнесахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою және заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жоспардың маңызды тармақтарына, атап айтқанда, прокуратураның аймақтық органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында “сенім телефондарын” ұйымдастыру, кәсіпкерлер проблемаларының картасын жасау, “Қуатты бизнес – қуатты Қазақстан” кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жобасын, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобаларды әзірлеу және іске қосу жұмыстарына тоқталды.

Іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлерден келіп түсетін хаттар негізінде олардың жүйелі мәселелерін шешуде ортақ ұстанымды әзірлейтін жұмыс тобын құру қарастырылған. Мұндай жұмыс тобы біздің облыста да құрылмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp