«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ – ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Андрей ГЛЫВЯК,

гір спортынан өңірдің бас бапкері, жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы.

Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Ал саламатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын сексен жастан да асыруды қамтамасыз ететін болады”, – деп атап айтқаны көңіліме мерей болды.  

Біз, солтүстікқазақстандық гір көтеруші спортшылар Президентке ел бойынша спортты дамытуға бар жағдайдың жасалып жатқандығы үшін ризамыз. Жылдан-жылға ел біріншіліктерінде спортшылар арасында бәсекелестік арта түсуде. Бұл – спорттың бұқаралық сипат алып, қолжетімді бола бастағанының белгісі.

Елбасының зор қолдауына спортшылар халықаралық жарыстардағы жетістіктері мен жеңістерімен жауап беруде. Өңір гір көтерушілері республикалық және халықаралық додаларда толағай жеңістерге қол жеткізді. Әлі де тоқтап қалмақ емес.

Гір спорты майталмандарының жеңістері кездейсоқтық емес. Біздің жүлделеріміз – спортшылардың, жаттықтырушылардың және мемлекеттік қолдаудың жемісі. Ел Президентінің сындарлы саясатының арқасында спортшылардың беделі артып, жеткіншектер шәкіртақыға ие болып, халықаралық турнирлерде ел намысын қорғау мүмкіндігін иеленіп отыр. Сондай-ақ жеңістің бірінші сатысына көтерілген кезде жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан елдің Мемлекеттік туын желбірету әр спортшының асқақ арманы екені сөзсіз.  

Жолдауда қай салаға да болсын қатысты айтылған ойлардың маңызы өте зор.

Елбасының кезектi Жолдауы елдегi азаматтардың әлеуметтiк өмiрi мен тұрмысын жақсартуға тiкелей ықпал етедi, экономикалық және саяси, рухани және мәдени жаңару үдерiстерiнiң жылдам қарқын алуының кепiлi деуге болады. Сондықтан Жолдау бәрiмiзге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Елбасымыздың берген тапсырмалары ойдағыдай орындалып, халқымыздың әл-ауқаты одан әрі жақсаратынына кәміл сенемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp