Марал ЖОЛМҰҚАНОВ,
Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің инженері.
Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқылады.
Біз, Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкерлері Елбасы алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді үлкен жауапкершілікпен құптап, қолдаймыз. Осыған орай біз де бар күш-жігерімізді салып, жақын арада дамыған 30 елдің қатарына енуге атсалысамыз. 2050 жылға дейін мемлекетіміздің даму бағдарламасын абыроймен орындаймыз деп сенеміз. “Қазақстан – 2050” Стратегиясы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға ықпал етеді. Ол – өте ауқымды бағдарлама, сондықтан көп жұмысты талап етеді. Әрқашан жұмыла, бір-бірімізге көмектесе отырып, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне қызмет етсек, алдымызға биік мақсат қойсақ, оны мүлтіксіз орындасақ, сонда ғана бақытты болашақты қамтамасыз ете аламыз.
Жамбыл ауданы.