«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАР БАЛА БАСТАУЫШТАН БЕЛГІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алмагүл САТЫБАЛДИНОВА,

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру – жаңаша білім алуға бағытталған бағдарлама негізі. Бұл бағытты біздің білім беру мекемесі де ұстанып отыр. Осындай ғылыми-зерттеу әдісін қолдану барысында биылғы жылы біздің мектептің бастауыш сыныптар оқушылары жоғары жетістіктірге жетіп, ұжымымызды қуантты. Атап айтсақ, қалалық ғылыми жобалар қорғау сайысына қатысқан 14 оқушының 7-еуі жүлделі орындарға ие болды. Олар: 1 “Б” сынып оқушысы Бексұлтан Бектұрған (3-орын), 2 “А” сынып оқушысы Дарина Ғабдуллина (2-орын), 3 “Ә” сынып оқушылары Жанель Болат және Жәмила Бектұрғанова (2-орын), 4 “А” сынып оқушысы Диас Есжанов (3-орын) жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. Топтық жұмыс бойынша 2 “Ә” сынып оқушылары Айдана Абабаева мен Дария Байбурина 1-орынға лайық танылса, 4 “Б” сынып оқушылары Әмина Ыбыраева, Салтанат Хамзина және Аида Түгімбаева 1-орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар кезекті облыстық ғылыми жобалар сайысына жолдама алды.  

Ал облыстық сайысқа қатысқан жеті оқушы тағы да жүлделі орындармен оралды. Ал 3 “Ә” сынып оқушысы Жәмила Бектұрғанова облыстық кезеңнен 1-орын алып, республикалық “Зерде” ғылыми-зерттеу сайысына қатысатын болды.

Оқушыларымыз жобалар қорғау барысында танымдық белсенділіктерін, ой ұшқырлықтарын, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін көрсете білді. Бұл – мектеп үшін үлкен жетістік. Дарынды оқушыларымыздан зор үміт күтеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp