Мейрамбек АХМЕТОВ,
СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының сектор меңгерушісі.
СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының негізгі міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік бақылауды, еңбек қатынасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
2013 жылы өндірісте 73 төтенше жағдай, соның ішінде 1 топтық қайғылы оқиға орын алды. 13-інде адам өлімі тіркелді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен мамандандырылған курстарда ұйымдардың басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тұрақты түрде оқытылып тұрады және олардың білімдері тексеріледі. 2013 жылы осындай 1338 басшы мен жауапты тұлға курсқа қатыстырылды.
Мемлекеттік инспекторлар жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізген кезде кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселесіне зор көңіл бөледі. Нәтижесінде былтыр осы бағыт бойынша еңбек заңнамасын бұзудың 484 фактісі тіркелді. Бұлар бойынша кемшілікті жою жөнінен 116 ұйғарым берілді. 32,5 млн. теңгенің 193 әкімшілік айыппұлы салынды. Жалақыны уақытылы төлеу және оның толықтығы мәселесі жөнінде 191 ұйым тексерілді. Жалақыны өтеу мерзімін сақтамай, 21,6 млн. теңге берешегі бар 191 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Мемлекеттік инспекторлардың тексерістері негізінде анықталған берешекті өтеу жөнінде апта сайын мониторинг жүргізіледі. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берешегі 31,7 млн. теңгені құраған 5 кәсіпорын мониторингке енгізілді.
Басқарма өңірімізде ҚР Еңбек кодексін насихаттау, әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелеріне көңіл бөлуде. Есепті кезеңде 87 семинар, “дөңгелек үстел” өткізілді, БАҚ-та еңбек заңнамасын түсіндіруге байланысты 29 мақала жарияланды, еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заң және нормативті актілерді қолдану мәселелері жөнінде 156 лекция оқылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерістер мен консультациялар жүргізу кезінде еңбек заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша анықтамалық материал береді. Сондай-ақ инспекторлар күн сайын азаматтарды қабылдайды.
Барлық қызықтыратын сауалдар бойынша Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64-үй мекенжайындағы “СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы” ММ-ге хабарласыңыздар. Тел.: 46-86-06, 46-01-94. Басқарма сайты: git.sko.kz.