«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗОР ӨКІЛЕТТІККЕ ИЕ полицейлер міндеттерін мүлтіксіз атқаруға тиіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД-де Елбасының кезекті Жолдауы талқылану үстінде.

Облыстық ІІД-нің қызметкерлері Жолдауды теледидар арқылы мұқият тыңдады. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері бірінші кезекте – өз елінің азаматы. Сондықтан мемлекетіміздің экономикасын, саясаты мен әлеуметтік саласын дамытудың әр бағыты, қазақстандық қоғамның маңызды құндылықтарын белгілеу погон таққан адамдарға да тікелей қатысты.

Биылғы Жолдау тек Үкіметке емес, сонымен қатар әр қазақстандық үшін нақты істерді айқындаған бағдарлама болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттары алдында еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу жоспарымен бөлісіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдына еліміздегі құқық тәртібін қамтамасыз ету, тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі бойынша нақты міндеттер қойды.  

СҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Жолдауды тыңдап болған соң Елбасының құқық қорғау органдарының өкілдері алдына қойған өзекті міндеттерін тағы бір еске салды. “Зор өкілеттікке ие погон таққан жандар мінсіз мінез-құлықпен, жоғары кәсібилікпен көзге түсулері керек. Былтыр біз аттестаттау өткіздік. Биылдан бастап полицейлердің жалақысын көтердік, қалыпты жұмыс үшін жағдай жасадық. Қоғам құқық қорғау органдарынан лайықты қайтарымды күтуге құқылы”, – деді ол.

  СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp