«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат БАЗАРБАЕВ,

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде “Халықаралық ынтымақтастық – Солтүстік Қазақстанда техникалық және кәсіби білімді жаңғырту жетістігінің бір факторы” тақырыбында облыстық конференция өтті.

Конференцияны ашқан колледж директоры Николай Ухов аталмыш шараның өзектілігіне тоқталып, Елбасы биылғы Жолдауында орталық және жергілікті билік органдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдына “дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру” керек деген міндет қойғанын атап айтты.

Еуропа елдерінің және ТМД мемлекеттерінің озық тәжірибелерін зерттеу мен пайдалану қазақстандық білімнің деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Үстіміздегі оқу жылында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің өкілдері халықаралық білім жобаларына белсене қатысты. Колледж директоры Николай Ухов Германияда дуальдіқ оқыту жүйесінің енгізілгендігі жөнінде баяндап, студенттердің қызығушылығын оятты.

Конференция барысында Ресей мен Беларусь елдерінің тәжірибесі негізінде модульдік бағдарлама әзірлеудің келелі мәселелері, колледжге норвегиялық кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі элементтерінің енгізілуі жайы сөз болды. Сондай-ақ бұл бағытта Франция мен Финляндия елдерінің атқарып жатқан жұмыстары да айтылды. Білім басқармасының өкілдері, облыс колледждерінің директорлары және әлеуметтік серіктестердің қатысуымен өткен талқылау барысында кәсіптік бағдарлау жұмысының жоспарын әзірлеу жөнінде ұсыныс айтылды. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін халықаралық тәжірибелерді талқылау алаңына айналар семинарлар өткізіп тұру қажет деген ойларын жеткізді. Себебі, техникалық және кәсіптік білімді тиімді жаңғырту колледждердің “Кәсіпқор” холдингімен, облыстық салалық қауымдастықтармен және кәсіпкерлер палатасымен байланысын нығайтпақ. Жалпы конференция қорытындысы бойынша, халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, кәсіби-техникалық білім беруді тиімді жаңғырту жөнінде ұсыным әзірленетін болады.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp