«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ВИРТУАЛДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ жаңа қарқынмен жұмыс істеуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анастасия ДРОНЯК,

журналист.

Облыс әкімінің виртуалдық қабылдауына 1000-шы өтініш түсті. Өтінішті жазған Петропавл қаласының тұрғыны өңір жетекшісіне облыс орталығында балалар невропатологының жетіспейтіндігін жеткізген. Оның айтуынша, облыс орталығында балалар невропатологы біреу ғана болғандықтан, оның қабылдауында болу оңайға түспейді. Қабылдауға жазылу аптасына бір рет жүргізіліп, таңғы сағат 8-9 аралығында талондар бітіп қалатын көрінеді. Бұл жайында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басқаша пікірде. Аталмыш ведомствоның Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Ольга Полянскаяның айтуынша, невропатолог мамандар тапшы емес және көбіне олардың кабинеті бос болады екен.  

– Мәселенің мәнісін айтсақ, қабылдауға жазылу телефон арқылы жүзеге асырылса, таңғы сағат 8-9 аралығы – қарбалас сәт, барлығы шақыртуда болады. Сол себепті хабарласып, жазылу мүмкін емес, – дейді Ольга Полянская.

Виртуалдық қабылдау жаңа үлгіде өткен жылдың маусым айынан жұмыс істей бастаған. Қазір өтініштер басқаларға бағытталмай, оларға аз уақыттың ішінде жауап жазылады. Қабылдауға түсетін өтініштердің көпшілігі – құрылыс, көлік, коммуникация, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты. Облыс тұрғындарын ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер толғандыра қоймайды екен.

– Виртуалдық қабылдау жұмыс істеген 6 айдың ішінде 260 өтініш түссе, олардың барлығына жауап беріледі. Бұрын түскен өтініштерге ұзақ уақыт жауап берілмесе, қазір жедел жауап беруге тырысамыз. Өтініште көтерілген мәселе бойынша құзырлы органнан жауап алып, оны облыс әкіміне көрсетеміз. Өңір жетекшісі әр өтінішті жеке-жеке қарағандықтан, оларға жауап беру мерзімі де қысқарды, – дейді облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Татьяна Расули.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp