“СевКазЭнерго” тобындағы кәсіпорындарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауы талқыланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларымен ілесе қадам басу – энергетиктердің бірінші кезекті міндеті. Өйткені жалпы өңірдің және елдің қуат қауіпсіздігі, сондай-ақ, әрине, қазақстандықтардың әр үйіндегі жайлы жағдай мен жылу олардың қолында.
Жолдауды талқылауға “СевКазЭнерго” тобына енетін Петропавл №2 ЖЭО, “Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желілері компаниясы” АҚ-ы, “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і және “Петропавл жылу желілері” ЖШС-і тегіс қатысты.
Елбасының Жолдауында көрсетілген барлық өзекті мәселелерді қараған облыстық қуат кешені қызметкерлері өздерінің кәсіптік тақырыптағы – энергетика мәселесін талқылауға толығырақ тоқталды.
– Ел Президенті өзінің Жолдауында негізінен елдің теңдестірілген энергетикалық моделін дамытуға көңіл аударды. “Жасыл энергетика” деп аталатын оның баламалы түрінің белсенді дамытылуына қарамастан, қуат өндірудің дәстүрлі түрлерін де ұмытуға болмайды. Бұл орайда біз “Өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет”, – деп Елбасы атап өткеніндей, мүмкіндігінше қуат үнеміне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Қазірдің өзінде “СевКазЭнерго” АҚ-ы №2 ЖЭО-да қуат үнемдеу бағдарламасы жүзеге асырылуда – қуат тиімділігі жоғары құрал-жабдықтар орнатылуда, соның нәтижесінде станцияның бастапқы жаңартылмайтын қуат көздерін тұтынысы азая түсті. Айталық, ол көмірге қатысты. Президент Жолдауын басшылыққа ала отырып, біз осы бағытта одан әрі ілгері баса береміз”, – деді №2 ЖЭО-ның директоры Виктор Бармин.
Солтүстік Қазақстан энергетиктерінің бірлігі берік ұжымында ел Президентінің Жолдауын талқылау жыл сайынғы дәстүрлі аса маңызды оқиға болып табылатынын атап өткен жөн. Мемлекетіміздің кемел орнықты саясатының арқасында өңірдің энергетикалық секторы дами түсуде, сала мамандарының мәртебесі биік деңгейден табылуда, ал компания қызметкерлерінің әл-ауқаты жыл сайын жақсаруда.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.