«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМДІНІҢ АЛДЫ ЖАРЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мүкарам ТАЙЖАНОВА,

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры.

Елбасымыздың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты халыққа арнаған Жолдауын үлкен ыждағатпен тыңдап, көңілге көптеген ойлар түйдім. Елбасы өз сөзінде біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты екеніне ерекше тоқталып, ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар деп атап көрсетті.  

Президент өз Жолдауларында бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру, озық елдер стандартына теңестіру идеясын әр кез қолдап келеді. Ұлттық білім берудің барлық буыны сапалық түрде жақсартуды әлі де қажет етеді. Сол себепті Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерістерін басшылыққа ала отырып, осы заманғы бағдарламалар мен оқыту әдістерін кеңінен пайдаланудың, білікті мамандар даярлаудың өміршеңдігі зор. Сонда ғана орта білім беру жүйесін жаңашылдық талаптармен дамытудың, оқушыларды сыни ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығына баулитынымыз сөзсіз.

Қызылжар өңірінде екі қазақ мектебінің оқушылары үш ауысымда оқып, бірқатар қиындықтарға кезігіп жүр. Енді көптен бері көтерілсе де, шешімін таппай келген мәселенің шешілетініне қуанулымыз. Елбасы таяудағы 3 жыл ішінде орын жетіспеушілігін жойып, елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіруді, Үкімет пен әкімдерге осы міндетті орындау үшін бюджеттен қаражат бөлуді тапсырды. Сол сияқты дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру, жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру мәселелері атап көрсетілді. Мұның бәрі еліміздің келешегі жастарға жасалып жатқан айқын қамқорлықты танытса керек.

Ғылыми қамтымды экономика құру алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыруға тікелей байланысты екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Осыған орай ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, дамыған елдердің көрсеткішіне жеткізу жөніндегі тапсырма әбден құптарлық. Шетелдердегідей инвестиция тартуды толықтай білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдаланудың тәжірибесін енгізу еш артықтық етпейді. Керісінше, өз өнімдеріміздің бәсекелестікке деген қарымы жақсарып, отандық тауарлар санының көбеюіне оң ықпал тигізген болар еді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсетіні үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың жаңа жүйесін орнықтыру қадамдары екені даусыз.

 Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp