«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
2014 жылғы 27 қаңтарда облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда мынадай мәселелер қаралды:
1. Шығып қалғандардың орнына Есіл аудандық мәслихат депутатының 2014 жылғы 30 наурызға белгіленген сайлауын өткізу туралы.
2. Есіл аудандық, тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен тұрған орындарын нақтылау туралы.
Өзге де мәселелер қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісінше қаулылар қабылданды.
Облыстық сайлау комиссиясы.
 
ШЫҒЫП ҚАЛҒАННЫҢ ОРНЫНА ЕСІЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ 

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағы, 113-бабы негізінде облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығып қалғанның орнына Есіл аудандық мәслихат депутатының сайлауы 2014 жылғы 30 наурызға белгіленсін.

Шығып қалғанның орнына Есіл аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2014 жылғы 29 қаңтарда басталады және 2014 жылғы 27 ақпанда аяқталады.

Шығып қалғанның орнына Есіл аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2014 жылғы 29 қаңтарда басталады және 2014 жылғы 4 наурызда аяқталады.

2. Есіл аудандық сайлау комиссиялары сайлау шараларын 2012 жылғы 15 қаңтардағы мәслихат депутатының сайлауы өткізілген сайлау округінің нақ сол шекарасында, нақ сол сайлау учаскесінде жүргізсін. Қажет болған жағдайда сайлаушылардың тізімдеріне өзгерістер мен нақтылаулар енгізілсін.

3. Есіл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау шараларын жүргізуді “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес қамтамасыз етсін.

Мәслихат депутатының сайлауын өткізу және тағайындау туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

4. Осы қаулы “Солтүстік Қазақстан” және “Северный Казахстан” облыстық газеттерінде жариялансын.

5. Мәслихат депутатының сайлауына әзірлікті және оны өткізуді қамтамасыз ету үшін осы қаулы Есіл аудандық сайлау комиссиясына жіберілсін.

А.САҚЫПКЕРЕЕВ,

облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Петропавл қ.

2014 жылғы 27 қаңтар, №3/01.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp