Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясының бастығы Нұрлан Шабдар жеке құрамға Елбасының “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.
Жолдаудың ережелеріне назар аудара отырып, Нұрлан Амангелдіұлы Президент бірінші кезекте “Стратегия – 2050” туралы айтқанына тоқталды.
Сонымен қатар ол Жолдаудағы “Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.
Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс” деген сөздерге баса назар аударды.
Департамент бастығы жеке құрам алдында қызмет барысындағы басты басымдықтарды айқындап беріп, әрбір қызметкер өзін-өзі кемелдендіру керектігіне, баса назар аударды.
“Алдағы уақытта әрқайсысымыз бұл ауқымды құжатты толық жете зерделеуге тиіспіз. Біз өз еліміздің патриоттары болуымыз керек. Президент Қаржы полициясы органдарының алдына қойған міндеттерді орындауда бар күшімізді салып, жұмыс істеуіміз керек”, – деп қорытындылады Нұрлан Шабдар.
Облыстық Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.