2013 жылғы 1 желтоқсанға облыстағы халық саны 576 мың адамды құрады, соның ішінде 241 мың адам (41,8%) – қалалық, 335 мың адам (58,2%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы тұрады.
2013 жылғы қаңтар-қарашада жаңа туған 7947 сәби тіркеліп, 2012 жылғы сәйкес кезеңнен 0,5% кем болды, 7012 шетінеу (1,4% кем), 4375 некелесу, 1900 ажырасу тіркелді.
2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9%-ға өсіп, 74 172 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,8%-ға және сәйкесінше 77 253 теңгені құрады. Нақты жалақы сәйкесінше 1,9% және 3,7%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 487,6 АҚШ долларын немесе 367 еуроны құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 18,2%, өнеркәсіпте – 16,4%, құрылыста – 10,6%, көлік және қоймалауда – 8,3%, ақпарат және байланыста 13,6% ұлғайды.
Өнеркәсіпте жалақы 75 914 теңгені құрады, құрылыста – 73 279 теңге, саудада – 59 390 теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 117 711, көлік және қоймалауда – 106 744, ақпарат және байланыста – 110 402 теңге.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы желтоқсан айының соңына 1011 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,3%-ды құрады. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 11491 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдіргендердің 100,1%-ы.
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда 15 797 теңгені құрады және 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9 478 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына – 4,3%, азық-түлік емес тауарларға – 2,7%, ақылы қызметтерге 8,9% өсті.
2013 жылғы желтоқсанда бағаның жұмыртқаға – 15,8%, темекі өнімдеріне – 3,7%, сүт тағамдарына – 2,6%, жеміс және көкөністерге – 1,4%, ет және ет тағамдарына, балық және теңіз өнімдеріне – 0,9%, кондитер өнімдеріне – 0,6%, май және тоң майға 0,1%-ға өсуі белгіленген. Жармалар 3,1%-ға арзандады.
Баға жуу және тазалау құралдарына – 2%, киім мен аяқкиімнің жекелеген түрлеріне – 0,7%, үй тұрмысына қажетті заттарға, тұрмыстық техникаға – 1,1%, фармацевтикалық өнімдерге 0,8%-ға өсті.
Суық сумен жабдықтау тарифтері – 35,9%, кәріздікі 58,3%-ға көтерілді. Темір жол көлігімен алыс қашықтыққа жол жүру 10,1%-ға қымбаттады.
Облыстық Статистика департаменті.