“ХҚКО” РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Петропавл қалалық №1 бөліміне келушілер енді Қазақстан Республикасындағы министрлер мен агенттіктердің төрағаларына бейнебайланыс арқылы жүгіне алады.
Ольга ЮРЬЕВА,
“ХҚКО” РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы менеджерінің м.а.
Жергілікті атқарушы органдар мәселелерді шешуге көмектесе алмайтын болса, клиенттер өз сұрақтарын жоғарыда тұрған органдарға бейнебайланыс арқылы қалдыра алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына, Бас прокуратурасына, Білім және ғылым министрлігіне, Көлік және коммуникация министрлігіне, сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне жүгінулеріне болады.
“ХҚКО” клиенттері бұл мүмкіндік туралы тек қана жақсы пікір қалдырып жатыр: “Жаңа техникалық жабдықтармен жұмыс істеу қиын емес. Маманданған кеңес берушілер келіп, маған көмектесетіне сенемін”, – дейді олар.