«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫҒА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАН мұғалім жазаға тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жамбыл ауданындағы Бауман орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қымбат Асимжанова өз оқушысының кекілін сыныптастарының алдында қиып, маңдайына “екілік” деп жазып қойғаны үшін, яғни кәмелетке толмаған балаға әлімжеттік жасағаны үшін сот үкімімен жазаланды.  

Оқиға былай басталған: сотталушы 2013 жылдың 3 қыркүйегінде технология сабағы өтіп жатқан кезде пән мұғалімі мен 7-сынып оқушылары алдында еш мән-жайды түсіндірместен, жасөспірімнің құлағынан ұстап, оны айналдыра бастаған. Кейін, 10 қыркүйек күні Асимжанова әлгі оқушыны тақта алдына шығарып, көбейту кестесін сұраған. Алайда, мардымды жауап ала алмаған соң мұғалім сыныпта отырған балалардың бірінен қайшы сұрап алып, оқушының кекілін қиып, маңдайына “екілік” деп жазып қойыпты. Сол күні ұстаз төртінші сабақтың басында баланың маңдайындағы “екіліктің” жартылай өшіріліп қалғанын көріп, оны қайта жазып қойыпты. Бұған қоса Қымбат Асимжанова мұғалімдер бөлмесінде жәбірленушіні бірнеше рет шашынан тартқаны үшін айыпталып отыр.

Сот үкімімен, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 137-бабына сәйкес Қымбат Асимжанова 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды. Бұл істі қарау кезінде сот оның жақсы мінездемесін, бұған дейін сотталмағанын және жүкті екенін ескерген. Енді ол үш жылға дейін сабақ бере алмайды. Сондай-ақ сотталушыға рұқсатсыз көңіл көтеру орындарына шығуға, мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды.

Сот үкімімен айыпталушы оқушыға 60 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлейтін болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp