«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАБАР КЕШ БЕРІЛГЕНДІКТЕН, монша толық өртеніп кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтардың 27-сінен 28-іне қараған түні облыс орталығындағы Проселочная көшесінде орналасқан бір қабатты “Постоялый двор” моншасы мен дүкен ғимаратынан өрт шықты.

Дабылқаққыш екі рет қосылса да, монша әкімшісі өртсөндірушілерді түтіннің шыққанын сезген кезде ғана шақырған. Өртсөндірушілер жеткен уақытта монша толық отқа оранған болатын. Оны ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен, “Өрт сөндіруші” АҚ-нан, Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінен және “Қызылжар су” АҚ-нан – барлығы 50 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 06.18-де тіркеліп, 12.43-те сөндірілді.

Өрт салдарынан моншаның іші толық күйіп, сырты қираған. Бірақ өртсөндірушілер азық-түлік дүкені мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтап үлгерді. Өрт шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Тергеушілердің болжамы бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.  

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 69 өрт оқиғасы орын алып, 3,5 миллион теңгенің шығыны келтірілген. Тілсіз жаудың салдарынан 4 адам ажал құшып, 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.

Құтқарушылар отты пайдаланғанда сақтық танытып, өрттің алғашқы белгілері анықталған кезде “101”, “112” телефондарына жедел түрде хабарласуларыңызды сұрайды.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp