«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ – МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анастасия САФРОНОВА,

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті.

Біз, солтүстікқазақстандық жастар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауын үлкен ынтамен оқып шығып, “Бұл Стратегия алдымен жастарға арналған” деген сөзінен еліміздің ертеңі, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі – өскелең ұрпаққа зор сенім артылғанын анық сезіндік. Иә, бүгінгі жас – ертең ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар буынның алдымен сүйенері терең білім, аянбай еңбек ету болса керек. Президент жастарға сөз арнап, еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты екенін қадап айтты. Мемлекет басшысы жастар үшін жан-жақты жағдай жасап келеді.

Бүгінде үш тілді қатар меңгерген, Отанын сүйетін, салт-дәстүрін қадірлейтін ұрпақ өсіп келеді. Солардың бірі – менмін. Оған еш өкінбеймін. Қазір қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып жүрмін. Мемлекеттік тілді жатық меңгерудің зор пайдасын көріп отырмын. Менің қазақ емес құрбыларым да қазақ тілінде еркін сөйлейді.  

Бүгінде жастар араласпайтын сала кемдекем. Ауыл жастарын қолдауға арналған “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы жұмыс істейді. “Жасыл ел”, “Жастар тәжірибесі” жобаларына қатысушылар қатары қалың. “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының берері мол. Менің көптеген құрбыларым Назарбаев Университетінде оқып жүр. Елбасы елдің ертеңін айқындайтын стратегиялық құжатта үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жобасын ұсынды.

Біз Тұңғыш Президентіміздің сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Іргесі бекіп, қуатты даму жолына түскен Қазақстанды әлемдік аренада танытатын ұрпақ екенімізді жадымыздан шығармаймыз.

Мәңгілік Ел болу жастардың қолында екеніне ешкім шүбә келтірмесі анық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp