«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛ ҚЫЗМЕТ АБЫРОЙ ӘКЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне қол жеткізіп, осы уақытқа дейінгі көптеген жетістіктерімізді мақтан тұта отырып, келелі міндеттерді жүзеге асыруымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында бұл мақсаттарға қол жеткізу жолында адал бәсекелестіктің, әділеттіліктің, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалының қажет екендігін атап өтті.

Жасұлан СМАҒҰЛОВ,

М.Жұмабаев ауданы прокурорының орынбасары.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының алдына міндетті және толық орындалуын талап ететін бірқатар тапсырмалар қойып отыр. Аса маңызды міндет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру керек. Аталмыш стратегия саяси тұрақтылықты нығайтуға, жекелеген азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы барлық құқық қорғау жүйесінің сапасын арттыру қажеттігіне де тоқталды. Сондай-ақ зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.

Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін прокуратура саласында білікті мамандар да, басқа ресурстарымыз да жеткілікті. Бізге жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, тұрғындардың шағымдарын қабылдау арқылы көмек көрсету, кеңес беріп, сауатты және объективті түрде олардың мәселелерін шешуге ықпал ету бағытындағы жұмыс сапасын арттыруға үлкен мән беретін боламыз.

Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев барлық жеке құрамға бағдарламалық құжаттың ережелерін мұқият зерделеуді, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды. Айтылған талаптар мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел халқына адал қызмет етуге әрқашан дайын екендігімізді сеніммен айта аламын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp