«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

80 ЖАСҚА ЖЕТУ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамадияр БАЙҒҰЛОВ,

облыстық Жедел жәрдем орталығының директоры.

Ұлт денсаулығы – табысты болашақтың негізі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы – “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асырудың барлық салалардағы қазіргі және ұзақмерзімдік нақты міндеттері мен мақсаттарын айқындаған бағдарламалық құжат.  

Денсаулық сақтау саласының қызметкері ретінде мені Жолдауда айтылған міндеттер ішінде, әсіресе, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер қызықтырды.

Елбасы өзінің Жолдауында: “Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар”, – деп атап көрсетті. “Қазақстан – 2050” Стратегиясының негізгі мақсаты да халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру. Осы Жолдауда бұл мәселеге де жаңа сипат берілді. Дәрігерлік көмек, ауруханалар, басқа да медициналық қызмет қажеттігін айта келіп, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы азаматтардың денсаулық сапасын жаңа сатыға, жаңа сапаға көтеру қажеттілігіне зор мән берді. Сондай-ақ еліміздегі азаматтардың орташа жасын 80 жастан да асыруды қамтамасыз ететін болады. Қазақстан алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық туризм орталығына айналады.  

Елбасы дәрігерлер мен мұғалімдердің ерен еңбектерін атап, осы сала қызметкерлеріне қуаныш сыйлап, алдағы уақытта дәрігерлердің жалақысы – 28, ал мұғалімдердікі 29 пайызға артатынын айтты. Осы бағытта Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Соның бірі – міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу.

 Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдыратын ұлттық идеяның жеті бағытын белгілеп берді. Біздің мақсатымыз – осы жеті кешенді міндетті іс жүзіне асыруда берік бірлігіміз бен берекемізді баянды етіп, Мәңгілік Ел болуда аянбай еңбек ету!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp