Бүгінгі күні оn-lain режимінде Интернет арқылы статистикалық есептерді толтыру және тапсыру үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік бар.
Электрондық үкімет бағдарламасын жүзеге асыру шегінде статистикалық нысандарды тапсыруға барынша қолайлы болу және уақытты үнемдеу үшін ҚР Агенттігі «е-статистика» ақпараттық жүйесін енгізуді бастады.
Респонденттерге 127 нысан бойынша қағазға көшірмей-ақ, on-line режиміндегі Интернет-ресурс арқылы жұмыс орнында отырып есептерін тапсыруға мүмкіндік бар. Статистикалық тексеруде қате жібермеу мүмкіндігін айтарлықтай кемітетін ақпараттық жүйе форматтық-логикалық бақылауды қосады.
Барлық қажетті ақпарат ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтында және Статистика департаментінің www.soltustik.stat.kz сайтында – on-line есебі айдарында орналастырған.
Облыстық Статистика департаменті.