«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚТЫҚ ӘДІЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Рамазан ХАСЕНОВ,

СҚО Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы тиіс екенін атап айтты. Құқық қорғау жүйесін реформалау, оның ішінде сот саласының жұмысын жариялап, халыққа жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше.

Сот істерінің ашық немесе жабық болуы сотқа қатысушы тұлғалардың пікіріне және сот ісінің санатына байланысты. ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 29-бабында: қылмыстық iстердi талқылау барлық соттар мен сот сатыларында ашық жүргiзiледi, делінген. Мемлекеттiк құпияны қорғау мүдделерiне қайшы келгенде ғана сот талқылауының жариялылығы шектеледі. Сонымен бiрге iске қатысушы адамдар өмiрiнiң жеке жақтары туралы мәлiметтердi жариялауды болдырмау мақсатында, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiк мүдделерi талап ететiн жағдайларда, кәмелетке толмағандардың қылмыстары және жыныстық қылмыстар туралы iстер бойынша соттың дәлелдi қаулысымен сот отырысы жабық түрде өтеді. Ал соттың үкiмi мен iс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда ашық жарияланады.

Ашық сот отырысында БАҚ өкілдеріне сот жасауылымен бірге сот отырысының залына өтіп, сот үдерісіне қатысуға, онда қажетті ақпаратты жазып алуға, фото және бейнекамераны пайдалануға рұқсат етіледі. Ал елді елең еткізген сот үдерістері туралы халық арасында кереғар пікірлер туындамас үшін соттарда баспасөз конференциялары мен “Ашық есік күндері” өткізіледі.

Сот ақпаратының ашықтығы “ҚР Сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттықталдау жүйесінің сот істерінің анықтамалығы” арқылы жүзеге асады. Бұл – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша барлық ақпараттың электронды мұрағатының соттар арасындағы айналымының жүйесі. Онда сот үдерісіне қатысушылар жайлы ақпарат, істің қаралу барысы, сот актілерінің электрондық көшірмелері сақталған. Аталған жүйе сот актілерінің бірыңғай банкісі болып саналады. Сонымен қатар ҚР Жоғарғы сотының, облыстық соттардың веб-сайтында да сот актілері жарияланып отырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp