«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қоры АҚ-ы облыстық

филиалының менеджері.

“Даму” қорының Солтүстік Қазақстан филиалы кәсіпкерлерді “Шағын және орта бизнес топменеджментіне оқыту” жобасына қатысуға шақырады. Осы жобаның аясында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясындағы Назарбаев Университеті жоғары бизнес мектебі базасында осызаманғы бизнес жүргізу машығын тегін оқуға мүмкіндік алады.

Жобаға қатысушылардың барлығы Дьюк университетімен бірге “Назарбаев Университеті” АҚ-да оқуды табысты аяқтағаны туралы сертификаттар, сол сияқты Германияда және АҚШ-та төрт апталық тегін тәжірибеден өту мүмкіндігін алады.

“Даму” қоры филиалының тағы бір жобасы “Іскерлік байланыстар” деп аталады, қор оған қатысушылардан өтініштер қабылдауда. “Іскерлік байланыстар” жобасы екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде кәсіпкер тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылар мен кеңесшілердің басшылығымен Астана және Алматы қалаларында үш апталық курстан өтеді. Екінші кезеңде шетелде тәжірибеден өту қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату мүмкіндігін беру. Шетелдік тәжірибеден өту ұйымдарындағы серіктестері Германиялық халықаралық ынтмақтастық қоғамы (GIZ) және халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі (USAID) болып табылады.

Жобаға экономиканың басымды секторларына енетін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Сол сияқты облысымызда “Аға сарапшылар” жобасына қатысуға да өтініштер қабылдау басталды. Оның қандай жоба екенін айтпас бұрын кәсіпкерлерге бірқатар сұрақтар қойып, оларға ой тастаған да артық емес. Сізге маманның кеңесі қажет пе? Сіз өз қызметкерлеріңіздің біліктілігін көтергіңіз келе ме? Сіз одан әрі дамуды және өз кәсіпорындарыңыздың жақсаруын жоспарлап отырсыз ба? Осы және басқа да көптеген сұрақтарды шешу үшін “Даму” қорының облыстық филиалы Сізге “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының аясындағы “Аға Сеньорлар” қызметін пайдалануды ұсынады. Сіздің Германиядан, Канададан және Нидерланд корольдігінен тәжірибелі сарапшы шақыруға тамаша мүмкіндігіңіз бар.

Аға Сеньорлар (Senior ex experts) – олар басқару, өндіріс, халықаралық нарық жұмысы саласында бай тәжірибелері бар, өнеркәсіп, сауда және басқару секторында басшылық қызметтерде болған және қайтарымсыз негізде құрал-жабдықтардың жұмысын реттеу ғана емес және олармен жұмыс істеуге оқытуға, сол сияқты бизнесті жүргізудегі, тиімді бизнес-жобаларды жасаудағы және тауарлар мен қызметтерді ұсынудағы тәжірибелерімен бөлісуге дайын зейнетке шыққан нағыз кәсіпқойлар. Мұндай сарапшыларды кәсіпорын негізінен мынадай мақсат үшін шақыра алады: жұмысшыларды оқытуға және біліктілігін арттыру, өндірісті басқару жөнінде тәжірибе алмасу, өнімнің сапасын жақсарту, жаңа стандарттар енгізу, маркетинг стратегиясын және бизнес-жоспарлар құру, сондай-ақ техникалық, экономикалық немесе ұйымдастырушылық міндеттерді шешу.

Сарапшының осында болуына байланысты барлық шығындарды шақырған кәсіпкерлердің өздері төлейді.

Осы айтылған жобаларға байланысты неғұрлым толық ақпарат алу үшін Петропавл қаласы, Абай көшесі, 80/А үйі мекенжайындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

Байланыс телефондары: 8-(7152)-46-06-54, 36-60-14 немесе www. damu. Kz. сайтынан білуге болады.

6-54, 36-60-14 немесе www. damu. Kz. сайтынан білуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp