«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАЙСЫҢ, ЖӘМИЛА!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бурабайдағы республикалық “Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығында 1-7-сынып оқушыларының “Зерде” зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқауға қатысқан Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 3 “ә” сынып оқушысы Жәмила Бектұрғанова 3-орынды иеленді.

Айжан ҚАПЕЗОВА,

Қожаберген жырау атындағы

№6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Байқау “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. “Зерде” зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы елімізде тоғызыншы мәрте өтіп отыр. Конкурс бастауыш және орта буын оқушыларының зерттеушілік, өз беттерімен ізденушілік қабілеттерін дамытуға және осы жастағы балалардың зияткерлік, шығармашылық әлеуеттерін ынталандыруды көздейді. Конкурсқа ұсынған жобаларды бағалау кезінде оқушының өзіндік жұмысының деңгейі, шығармашылығы, жобаны қорғау кезінде қойылған сұрақтарға жауаптың толықтығы, тақырыпты ашу шеберліктері ескерілген.  

Жәмила “Менің бабам – Қожаберген” деген тақырыпта ғылыми жоба жазды. Ол жоба жан-жақты зерттелген, мазмұнының тереңділігімен ерекшеленіп, 350 оқушы қатысқан додада 3-орынға ие болды. Оқушымның республикалық деңгейде өткен сайысқа алғаш рет қатысып, жүлделі орынды иеленгені, өзі оқитын мектептің атын жүздеген оқушыға танытып келгені білім ошағының мәртебесін көтеріп, ұстазы әрі жетекшісі ретінде менің мерейімді өсірді.  

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp