«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков және Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандум бірлескен іс-шараларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді анықтауды, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңсыз тексеруге жол бермеуді көздейді. Ендігі ретте Қаржы полициясы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жұмыс кездесулерін өткізіп, бірлескен бағдарламалар әзірлеп, кеңес органдары мен жұмыс топтарын құратын болады.

Облыстық Қаржы полициясы департаментінің бастығы Нұрлан Шабдар мен СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина да мұндай меморандумға қол қояды деп жоспарлануда.

СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp