Бималай АТКЕЛТІРОВ,
кәсіпкер.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жария етіп, қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген берік сенімі мен қажыр-қайратын еселей түсті. Жолдау әр адамды саяси белсенділік пен сенім биігіне құлшындыратыны анық. Еліміздің экономикалық дамуы, халқымыздың әл-ауқаты жайлы жан-жақты айтылуымен қатар, алдағы жылдардағы дамуымыздың басты бағыттары белгіленіп, тиісті талаптар қойылды. Осы жылы да солай, табысқа жетудің, өрлеп-өсудің басты тетігі экономиканы өрге бастыру және ел ынтымағы мен халық бірлігі екендігі баса айтылды. Елбасының биылғы Жолдауы алға басуымыздың бағдаршамы іспеттес дер едім.
Шал ақын ауданы.