Петропавл Өнер колледжінде осы өнер ордасының түлектері, егіз қыздар Гүлзада мен Айзада Дүйсеновалардың шығармашылық концерті болып өтті.
Өнер колледжінің жеке ән салу бөлімінде білім алған Гүлзада Дүйсенова осыдан үш жыл бұрын Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық концерваториясына оқуға түседі. Қазіргі таңда ол – жоғары оқу орнындағы жеке ән салу факультетінің 3-курс студенті. Ал Айзадасы ұстаздық жолды таңдап, қазіргі таңда №7 орта мектеп пен №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді. Музыкаға қабілеті бар балаларды топтастырып, хор үйірмесін ашып, балаларын байқауларға қатыстырып келеді. Өткен жылы №7 орта мектептің 2-сынып оқушысы Нұргүл Қашмолдина “Шалқар” радиосы ұйымдастырған республикалық байқауда 3-орын алды.
(Өз тілшімізден).
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.