«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дамир ОМАРОВ,

облыстық мамандандырылған ауданаралық

Экономикалық

соттың судьясы.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ұжымы да өзгелердей жиын өткізіп, Жолдаудағы әрбір бағыт бойынша пікір айтып, жүктелген міндеттердің мән-мазмұнын аша түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі – дамыған елдің негізі. Біз, сот жүйесінің өкілдері ретінде бар күш-жігерімізді осы міндетті жүзеге асыру бағытында жұмсауымыз керек.

Тарихи маңызы бар биыл­ғы Жолдау барлық қазақ­стандықтардың өсіп-өркен­деуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейді, қазақстандықтарды жа­ңа белес­терді бағындыруға жете­лейді және ортақ мақсатқа топтастырады. Бұл құжат бар­шамыздың алдымызға эко­номиканы нығайту және әр­та­раптандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жаңа міндеттер қоюымен ерек­шеленіп отыр. Президент еліміздегі әрбір отбасының, азаматтың жағда­йын жақсарту, халқы­мыз­дың тыныштығын қорғау жол­­дарын нақты көрсетіп, инновациялық индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, ғылым әлеуетін арттыру, әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту сынды мәселелерді кө­терді. Басты мақсат – мықты мем­ле­кет­­ пен экономика­ның негізінде әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу, Мәңгілік Ел атану.

ХХІ ғасыр – бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры. Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын бо­ла­шаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құн­дылығы – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтай білуге шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp