«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА НАҚЫШТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Сочи қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға орай балғын суретшілер арасында “О, спорт, сен ұлы татулықсың!” атты көрме ұйымдастырылды. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл көрмеге солтүстікқазақстандық жас суретшілермен қатар, Украина, Беларусь, Израиль, Ливан, Германия және басқа елдерден талантты балалардың еңбектері қойылды. Мұнда №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешеннің жанындағы сурет үйірмесіне қатысатын балалардың, көркемсурет лицейінің “Юнеско” клубы мүшелерінің туындылары көзге түсті. Соңғылары көрмеге 18 шағын мүсін композициясын ұсыныпты. Жас мүсіншілер спорттық жарыстағы маңызды сәттерді бейнелеуде түрлі техниканы қолданған.

Облыс орталығындағы №2 орта мектептің 6 “В” сынып оқушысы Дамир Еділ өз суретінде хоккейшіні бейнелепті. Оның туындысы түрлі жарыстарда жүлделі орын алған оқушылардың еңбектерімен қатар қойылып, көптің ықыласын тудырды. “Бұл суретті сала отырып, жерлестерімнің Сочи Олимпиадасында биіктен көрінуін тіледім. Олар еңбегімді жанкүйер ретіндегі қолдауым ретінде қабылдасын деген ойдамын”, – дейді Дамир. Қазақстанның Мемлекеттік Туын ұстап тұрған қызды салған осы мектептің 5-сынып оқушысы Әдеміау Күдербекованың еңбегі өзге елдердегі байқауларда көзге түсіп, арнайы марапатқа ие болған.  

Көрмеге барлығы 100-ге жуық сурет ұсынылған. Бұдан басқа, көрермендер назарына мектеп оқушыларының спорт саласында жеткен жетістіктерін бейнелейтін грамоталары мен кубоктары ұсынылды.

Суретті түсірген

  Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp