«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗҒЫНДЫҚ ЖАСАҒАНДАРЫ АЙҒАҚТАЛСА, күдіктілер бес жылға дейін бас бостандығынан айрылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өткен брифингте Елбасының Жолдауы талқыланды. Сот төрағасы Бақыт Қасейінов сот қарауындағы бірқатар істерге тоқталып, өткен жылдың жұмысын қорытындылады. 

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінде мамандандырылған ауданаралық сотта 5-7 жас аралығындағы ұл-қыздарға қатысты күш қолданусыз азғындық әрекет жасаған Ғ.Мүсірепов атындағы және Аққайың аудандарының тұрғындарына қатысты 2 іс қаралуда. Азғындардың қылмысқа қатыстығы дәлелденсе, олар ҚР Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ.

Ал өткен жылы сотта қаралған 100 қылмыстық істің 38-і кәмелетке толмағандарға қатысты болып отыр. Оның 27-сіне сот үкімі шығарылып, 3 жеткіншек бас бостандығынан айрылды. Баланы қай ата-анамен тұратынын анықтау, ата-ана құқығынан айыру, бала асырау, тағы да басқа азаматтық істерге қатысты 292 іс қаралып, олардың 216-сына қатысты шешім шығарылған. Ал халықаралық бала асырауға қатысты 4 іс қаралыпты. Оның нәтижесінде италиялық отбасы қазақстандық 5 баланы асырап алу құқығына ие болған.

Брифингте мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Марат Қапаров Мемлекет басшысының тарапынан сот саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

– Биылғы Жолдауда сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы тиіс екендігі атап көрсетілді. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа Стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру керек. Біз Елбасының сенімін ақтап, тапсырмаларды орындауда аянбай еңбектенетін боламыз, – деді ол.

Жиын соңында төраға журналистердің сауалдарына жауап берді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp