Мырзабек УМАРОВ,
Мамлют ауданының Қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің аға инспекторы.
Бұған дейін Қылмыстық-атқару инспекциялары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау барысында біршама қиындықтарға тап болатын. Сотталғандардың арасында құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық көмекті қажет ететіндер де кездеседі. Оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік болмай, кейбір сотталғандар жазасын өтеу барысында қайта қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендері де болған.
Пробация қызметі тек жазаларды орындаумен ғана емес, пробациялық бақылауда жүрген сотталғандардың жаза өтеу барысында қайта қылмыс жасауының алдын алу және оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсете отырып, бақылауды жүзеге асыруды көздейді. Егер де сотталғанның құқықтық, әлеуметтік, тұрмыстық қажеттілігі орындалса, оның заңға деген көзқарасы өзгеріп, жақсы мінез-құлқы қалыптасары сөзсіз.
Осыған орай, қылмыс жасаған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануының алдын алуға жұмылдырылған құқықтық саясатты қалыптастыру және ұйымдастыру пробация қызметінің ең басты мақсаты болып табылады.
Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертуде Әкімшілік полициясы мен ҚАЖ қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады.
2013 жылы Мамлют аудандық Қылмыстық-атқару инспекциясы қоғамнан айырмауға байланысты жазаға тартылғандар және басқа қылмыстық-құқықтық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың тәртібі мен өмір салтын бақылау бойынша мақсатты жұмыстар атқарды. ҚАИ есебінен 48 сотталған өтті. Оның ішінде 9 әйел, 1 кәмелетке толмаған жеткіншек. 1 сотталғанға іздеу жарияланды. ҚАИ мен ІІБ қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде сотталғанның орны анықталып, іздеу тоқтатылып, ол азамат бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберілді.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесе отырып, сотталғандарды мекенжайлары бойынша тексеру барысында бірнеше заң бұзушылық анықталып, айыптыларға тиесілі жаза қолданылды.
Сотталғандардың тәртібін мекенжайы бойынша полицияның учаскелік инспекторы бақылап, ай сайын мінездеме материалдарын ҚАИ-ге ұсынып, сотталғандардың бақылау істеріне қосылады.
Сонымен қатар ҚАИ мен ІІБ-нің қарым-қатынасы сотталғандардың қайта қылмыс жасау көрсеткішін төмендетті. Былтыр сотталғандар тарапынан қылмыс тіркелген жоқ.