Елбасымыз теңдессіз және кең ауқымды “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыру үшін халықты бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты көздеуге шақырады. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Балаларға сапалы білім беру биыл да назардан тыс қалған жоқ.
Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерту үшін білім жүйесінде білікті педагогикалық кадрларды даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Заманауи бағдарлама негізінде біздің мектепте үш мұғалім педагогикалық қызметкерлерді деңгейлік бағдарлама негізінде оқыту курсынан өтті.
Мұғалім жұмысының нәтижесі оқушыларының жетістіктерінен көрінеді. Мектебіміздің оқушылары әртүрлі сайыстар мен олимпиадаларға белсене қатысады. Үш жыл бойы біздің оқушыларымыз аудандық ғылыми жоба сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Осы оқу жылында оқушыларымыз аудандық пәндер олимпиадасына қатысты. Өтінім берген төрт оқушының екеуі орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен жүлдегерлер атанды. Тағы бір қуантарлық жайт, шағын орталық, даярлық топ пен бастауыш сынып оқушылары аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, парасаттылық және шығармашылық қасиеттерімен көзге түсуде.
Мектеп ұжымының бір маңызды міндеті – саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды тәрбиелеу. Осы бағытта бізде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Балалардың әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдануына барлық мүмкіндік жасалған. Оқушыларымыз аудандық және облыстық спорттық сайыстарға қатысып, мақтау қағаздары мен медальдар иеленді.
Еліміздің болашақ азаматтарын оқыту мен тәрбиелеуде біз үшін биылғы Жолдау азаматтық және мұғалімдік көзқараспен қарағанда өте құнды. Отанымыздың гүлденуі үшін, алдымызға қойған барлық мақсаттарға жететінімізге кәміл сенімдіміз.
Татьяна ЦОМКАЛОВА,
Ставропол орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ғ.Мүсірепов
атындағы аудан.