«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕГІ ЖАМАУ-ЖАМАУ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

– Көршімді шайға шақырдым, әңгіме барысында баласы туралы сұрастырып білдім. Ол ішкі сырын жасырмады, керісінше, тыңдасын, сабақ болсын дегендей, бәрін айтып берді. Сөйтсе, ол әйел перзентханаға түнде түскен екен. Таң сәріде екі әйел босанып, бірі қыз, екіншісі ұл туыпты. Екі күннен кейін ұлды болған ананы үйге шығарыпты. Қуанышы қойнына сыймаған ол баласын алып, шыға бергенде келесі бір бөлмеде қыз туған ананы көзі шалып қалыпты. Бейтаныс жан бір тілім қағазды жаза салып, оның соңынан ілесіп бірге шығыпты. Құндақталған сәбиін бауырына басқан ол тумай жатып бір сәбидің тастанды атанғанын бірден түсінген екен. Сөйтіп, аз уақыт ішінде бар құжатты дайындап, манағы ұл баланы асырап алыпты. Қазір ұл мен қыз егіз қозыдай бірге өсіп келеді екен. Иә, манағы әйелдің аты Әйгерім екен, сенің атың сияқты. Оның есінде қалғаны есімі ғана екен, – деді ол әңгімесін аяқтай бере.

Бар әңгімені үнсіз тыңдап отырған Әйгерім өзінің атын естігенде жүрегі жарылып кете жаздады. Өз бақытын қолымен біреуге қалай бере салғанын түсінбей, есеңгіреген бойда отыра берді. Амалы таусылғаны соншалық – құздың басына шығып, құлап кеткісі келді. Содан бері сол балаға күнде терезенің арғы жағынан қарап тұратын болды. Ол күлсе, бірге күледі, мұңайса бірге мұңаяды. Анасына елжіресе, жүрегі қан жылайды. Сыртынан қарап тұрып, тұла бойы тұңғышын құшағына бір баса алмайтынына өкінеді. Өзін кінәлі сезінеді, содан шығар күнәсін арқалаған бойы күн кешіп жатқан бір бейбақ жан еді ол. Кеудесінде әлсіз ғана соғып тұрған жүрегі тағдыр талқысынан жамау-жамау…. Өзіне таяқ болып тигені өзгеге сабақ болсын дегендей, оның жұдырықтай жүрегінің әр дүрсілі: “Тастамаңдаршы, тастамаңдаршы туған балаларыңды…” деп соғып тұрғандай.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp