«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ орта білімді дамытуға негіз болады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі орта білімді дамытуға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негіз болады. Атап айтқанда, бұл орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту тәжірибесіне қатысты, деп атап көрсетті Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде.

“Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде орта білімнің мазмұнын жаңарту туралы міндет қойды. Ол мектептер біраз тәжірибе жинақтады, өткен жылдары тек пәндер бойынша ғана емес, техникалық және гуманитарлық мазмұндағы алдыңғы қатарлы бағдарламалар жасалды”, – деді министр өз сөзінде.
“Мысалы, қазақ тілі бойынша бізде арнайы жұмыс тобы бар. Жақын арада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжіри-белеріне сүйене отырып, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту бойынша Үкіметке және Мемлекет басшысына ұсыныспен шықпақпыз”, – деді министр А.Сәрінжіпов.
Оrtcom.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp