«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМПИАДАНЫ “ҚАЗАҚСТАН” МЕН “ХАБАР” КӨРСЕТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы Абзал Естаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбековтың қатысуымен Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарын ақпараттық сүйемелдеу жайлы брифинг болды.
XXII Қысқы Олимпиада ойындарынан хабар таратудың барлық құқығына “Қазақстан” корпорациясы мен “Хабар” агенттігі ие. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков мәлімдеді.

“Келісімнің шартына сай, құқық иеленуші жапондық “Dentsu” компаниясы “Қазақстан” корпорациясы мен “Хабар” агенттігіне 2014 жылдың 31 тамызына дейін Қазақстан Республикасы аумағында Ойынды көрсетудің айырықша құқығын берді”, – деді Б. Қалиянбеков.
Сонымен қатар, ол авторлық құқықты бұзбау үшін: “Жалпы, биылғы жылы егер Сіздердің ұйым Олимпиада туралы қандай да бір бейнеконтент, фотосурет, ондағы жеңістер туралы бейнесюжет көрсететін болса, ең алдымен “Хабардың” заңгерлерімен кеңескені дұрыс болады, бұл авторлық құқықты бұзбау үшін қажет”, – деді.
Б.Қалиянбековтың айтуынша, 7-23 ақпан аралығында аталған телеарналарда Олимпиада ойындарынан 200-ге тарта таратылымы мен хабар жазбасы көрсетілетін болады. Хабарлардың жалпы хронометражы 240 сағаттан аспақ. Жарыс кестелеріне байланысты трансляциялар тәулік бойы жүргізіледі.
Олимпиада ойындары туралы барынша толық жазу үшін Ресейге журналистерді аккредиттеу мәселесі шешілді.
“ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп, қазақстандық журналистердің Сочидегі жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл жұмысқа барлығы 47 журналист тартылып отыр, оның ішінде 15 журналист – Ойындар аяқталғанша жұмыс істейтін тұрақты пул”, – деп түйіндеді өз сөзін Б.Қалиянбеков.
ortcom.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp