«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛУДИНДІКТЕР АУДАН БАСШЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл 600 миллионнан астам теңгеге Мағжан Жұмабаев ауданындағы жолдар жөнделмек. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Пішенбаевтің Полудин ауылдық округінде өткен есебінде белгілі болды. Өткен жылды мағжандықтар жақсы нәтижемен аяқтады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев былтырғы жылды қорытындылап, тұрғындарды биылғы жоспармен таныстырды.  

“Өткен жылды аудан диқандары жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Гектарынан 17,4 центнер өнім алдық. Биыл егін алқабы 358 мың гектардан асатын болады. Ауданда 2013 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 3 млрд. 204,3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106 пайыз”, – деді Қайрат Пішенбаев.

Мағжан Жұмабаев ауданында былтыр “Сыбаға” бағдарламасы аясында 6 кәсіпорын 42 млн. теңге көлемінде несие алып, 193 бас ірі қара сатып алды. “Жұмыспен қамту – 2020”, “Бизнестің Жол картасы” бағдарламалары да тиімді пайдаланылып жатыр. Ал “Өңірлерді дамыту” жобасы аясында 13 ауылдың ішкі жолдары күрделі жөндеуден өткізілді. Бірақ жол мәселесі Полудино ауылында әлі шешімін таппаған.  

Аудан әкімі есебінде көтерілген тағы бір мәселе – “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасына қатысты. Ауыл тұрғындарының бұл жобаға қызығушылығы жоғары.

Аталмыш бағдарламаның шарапатын былтыр 23 ауыл тұрғыны көрген. Биыл олардың саны 49-ға жетіпті. Округте балабақша мәселесі толық шешілмеген. Былтыр Полудино ауылында шағын орталық ашылған, алайда, ол сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Бұл мәселе аудан әкімінің айтуынша, биыл шешілмекші. “Мәдениет үйінің екінші қабаты бос. Сонда шағын орталық ашамыз. Ол жарты күн емес. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейтін болады”, – деді Қайрат Сәкенұлы.

Жиын соңында Қайрат Пішенбаевтің 2013 жылы атқарған жұмысына Полудино тұрғындары оң бағасын берді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp