Облыс орталығындағы Өнер колледжінде Қаржы полициясының қызметкерлері студент жастармен кездесіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаларын айтып берді.
Дәріс түрінде өткен кездесуде СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Ақпараттықталдау бөлімінің аға инспекторы Гүлнар Әбдірахманова жемқорлық және экономикалық қылмыс экономиканың дамуына нұқсан келтіретінін айтып, қоғам дертіне қарсы батыл күресте жастардың да қатысуының маңызды екенін алға тартты.
Жиында сыбайлас жемқорлық тақырыбында және парақорлығы әшкереленген лауазымды тұлғалар туралы бейнематериалдар көрсетілді. Ал жастар сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына өздері шығарған өлең жолдарын оқып, плакаттар көрмесін ұйымдастырды.
“Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы” ҚБ облыстық филиалының төрағасы Мұрат Бекмұхаметов Қаржы полициясының жұмысына қатысты студент жастардың сауалдарына жауап берді.
СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.