«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСКУЭ – БАРШАҒА ТИІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Электр қуатының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін (АСКУЭ) енгізуді Солтүстік Қазақстан энергетиктері 2011 жылы бастаған еді. Қазірдің өзінде электр қуаты нарығында осы озық технологияны пайдаланудың оң нәтижелері байқалып отыр. Бүгінгі таңда “Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желілері компаниясы” АҚ-ы мамандары Петропавл қаласындағы және Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы 2383 есепке алу межесінде жаңа жүйені орнатты.

“Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желілері компаниясы” АҚ-да көп жылдан бері осызаманғы технологиялар мен қуат тиімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу арқылы электр қуатының шығынын азайту жөнінде қызу жұмыс жүргізілуде. Қуат ресурстарын үнемдеу жөніндегі энергетиктер қамқорлығының айқын мысалдарының бірі АСКУЭ орнату болып табылады.

– Бірінші кезекте АСКУЭ бізге желідегі электр қуаты шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, компания мамандарының 206 есепке алу межесін қамтитын ТП-229 трансформаторлық қосымша станциясында бөлшек сауда нарығының АСКУЭ қондырғысын қойған Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде қанатқақты жобаның жүзеге асырылуы электр қуатының коммерциялық шығынын алты есе азайтуға мүмкіндік берді, ал электр қуатының тиімді босатылуы 16 пайызға артты. АСКУЭ-ні енгізуде алдағы уақытта да осындай көрсеткіштер күтілуде, – дейді акционерлік қоғамның президенті Александр Рейзлин.

АСКУЭ орнатудың ешқандай теріс зардабы жоғын тұтынушылардың білгені маңызды. Керісінше, автоматтандырылған жүйенің көмегімен электр қуаты есебін ұйымдастырудың артықшылығы көптеген оң сипаттарын байқатады. Соның ішінде – пайдаланылатын қуат үшін төлемдердің азаюы және есептің дәлдігін арттыру есебінен қуаттың қосылуы, сондай-ақ тәулік бөліктері бойынша электр қуаты үшін әртараптандыру есептемесінің мүмкіндігі, Интернет арқылы деректер беруді жүргізу тұтынушыларды бақылаушылардың тексеруінен босатады (сөйтіп, есептегіштердің бақылау көрсеткіштерін қарау кезіндегі адам факторы және электр қуаты үшін есептелімдердің орынсыздығы қосалқы мүмкіндігі маңызын жояды).

Сонымен бірге АСКУЭ қондырғысын қою толығымен энергетиктер есебінен жүргізіледі. Бұл орайда ескі есептегіш құралдары осы жүйеге арнап дайындалған жаңаларына ауыстырылады. Жаңа есептегіштер үйлердің қасбеттерінде жабық қондырғы – қаптамасымен орнатылады. Жүйенің мұндай қорғанысы есептегіш көрсеткіштерінің ауытқуларына мүлде жол бермейді, сондай-ақ өздігінен қателесуі немесе сыртқы араласудың әсері болуы мүмкін емес.

Жаңа жүйе энергетиктердің де жұмысын жеңілдетеді. Көбінесе пәтердегі электр есептегіштерден ақпарат жинау көптеген себептермен қиынға түседі: кейбір тұрғындардың ұйымдаспағандығынан, құралдың орнатылған жері көрсеткіштер есептеуге ыңғайсыз болуынан немесе тұрғындардың пәтерлерінде болмауы себепті. АСКУЭ енгізілгеннен кейін аталмыш проблемалар өздігінен шешіледі.

Қазақстан Республикасының энергетикалық компанияларында да АСКУЭ енгізудің оң тәжірибелері бар. Мысалы, Тараз электр желілерінде АСКУЭ енгізгеннен кейін “Массив Карасу” ауданында шығын жыл ішінде 33,87 пайыздан 9,47 пайызға дейін төмендеген. Сол сияқты тұрғындардың электр қуаты үшін орынсыз есептемелер жөніндегі шағымдары азайған.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp