СҚО ІІД бастығының орынбасары Виктор Букреев Есіл аудандық ІІБ-нің жеке құрамымен кездесті. Күн тәртібіне 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ІІМ алқасының шешімін жариялау, ішкі істер органдары қызметкерлерінің өткен жылдағы тәртібі жағдайына шолу және Елбасы Жолдауын түсіндіру мәселелері қойылды. “Президент өз Жолдауында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөліне ерекше назар аударды: Ол: “Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуі тиіс” деген болатын. Елбасының мұндай талабы полиция қызметкерлерінің жауапкершілік жүгін одан сайын арттыра түсті”, – деді Виктор Букреев.
Бұл кездесуге АІІБ-нің кезекшілікте жүрген қызметкерлерінен басқа барлық құрамының қатысуы тегін емес. СҚО ІІД бастығының орынбасары атап өткеніндей, ІІД ұжымы Елбасының саясатын толығымен қолдайды. Біздің мақсатымыз өз мемлекетінің мүдделерін қорғауға әзір полицейлер ұрпағын тәрбиелеу болып табылады, деді ол.
ІІМ-нің соңғы алқа отырысында қаралған негізгі мәселелерін талқылаған соң полковник Виктор Букреев полицейлердің тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау талабына ерекше көңіл бөлді. Есіл АІІБ-нің бастығы Ерлан Сұлтанов барлық жеке құрамның атынан Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындауға бар күш-жігерді жұмсауға, өз қатарларында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.
Мұндай кездесулер облыстың барлық аудандарында, сонымен бірге қалалық бөлімшелерде де өткізілуде.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.