Астана қаласындағы Жастар сарайында “Жайдарманның” Х “Маусымашар – 2014” атты республикалық жоғары лига, Премьер лига, мектепаралық лига фестивалі өтті.
Еркін АХМЕТҰЛЫ,
Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының мұғалімі.
Бұл фестивальға республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған, барлығы 310 жайдарманшылар құрамалары қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысынан үш құрама өз өнерлерін көрсетті. Олар – “Оян, қазақ!” (Петропавл қаласы), “Айыртау мектеп құрамасы” (Айыртау ауданы) және Тимирязев ауданының намысын қорғаған қазақ мектеп-интернатының оқушыларынан құрылған “Алаш жастары”.
Петропавл құрамасы Премьер лигаға өтсе, Айыртау және Тимирязев ауданының жайдарманшылары республикалық аймақтық лигаға өтіп, сертификат пен жолдамаға ие болды.
Тимирязев ауданы.