Облыс орталығында жасөспірімдер арасында бокстан Петропавл қалалық ашық біріншілігі өтті. Турнирге Ресейдің Омбы, Астана, Көкшетау қалаларының, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың 2000-2001 жылы туған 75 спортшысы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежелерінде Сағдат Нұрғалиев (34 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ), Райымбек Сәдуақасов (34 кг., спорт интернаты), Дилшадбек Тайыржанов (36 кг., спорт интернаты), Аркадий Чолоян (38 кг., Ғ.Мүсірепов атындағы а.), Данияр Жарасов (40 кг., бокстан ОБЖСМ), Ерғанат Арыстанғали (44 кг., Көкшетау қ.), Павел Деменский (46 кг., спорт интернаты), Джозеф Окаро (48 кг., спорт интернаты), Қажыгелді Исламбеков (50 кг., спорт интернаты), Рахат Пішенбаев (54 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ), Алдияр Кәкімов (60 кг., бокстан ОБЖСМ), Илья Богатырев (63 кг., Омбы қ.), Алмас Асқар (66 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ) жеңімпаздар атанды.
Олар да, жүлдегерлер де медальдармен, дипломдармен марапатталды.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.