Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылдың 15 қаңтарында “Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды, ол 2014 жылдың 28 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Елена СКАКУНОВА,
облыстық Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы.
Қазақстан Республикасының 19 заңнамалық актісіне және 6 кодексіне өзгертулер енгізілді.
Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңына қатысты бүгінгі күні борышкерлер “сот актілерін ерікті орындау” түсінігінен айрылған. Сот орындаушыларына орындауға түсетін барлық құжаттар мәжбүрлеп өндіріп алуға жатады. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін атқару санкциясының 10 пайызы міндетті түрде, сондай-ақ ҚР Заңының 525-бабына сай, борышкерден мерзімін өткізген әр күніне 0,1% көлемінде өндіріп алушының пайдасына өтемақы өндіріліп алынады.
Заңның 16-бабына сай борышкер сот шешімін орындауға қатысты айына 1 реттен асырмай сот орындаушысына келуге, сондай-ақ түсініктеме беруге шақырылуға міндетті, келмеген жағдайда ҚР ӘІЖК 521-бабы бойынша борышкерге әкімшілік хаттама толтырылады.
Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезден бастап, ҚР Заңының 32,37-баптарына сай борышкерге мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады, айталық тыйым салу, белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, елден тыс жерге шығуына тыйым және тағы басқалар, бұрын мұндай шаралар еркімен орындауға берілген 5 күн өткеннен кейін қолданылатын.